Саакашвили сенбіде еліне оралатынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саакашвили сенбіде еліне оралатынын мәлімдеді

28.09.2021

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили түрмеге қамалу қаупіне қарамастан, еліне оралатынын жариялады. Және ол жергілікті сайлаудан кейін «мемлекетті сақтау» үшін жақтастарын көшеге шығаратынын да ескертті.

Экс-президент Тбилисиге ұшу үшін қазанның 2-не билет алып қойған. Премьер-министр Иракли Гарибашвили болса, оның келген бойда тұтқындалатынын мәлімдеді. Еске салайық, 2018 жылы Саакашвили билікті асыра пайдаланды, түрмеде оппозиция мүшесін соққыға жығу оқиғасын бүркемеледі деген айыппен 6 жылға сотталған еді. Алайда, Украинада тұратын 53 жастағы саясаткер өзіне тағылған кінәні мойындамай, оның саяси астары бар екенін мәлімдеп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу