Шымкентке саяхаттаған туристер саны екі есе өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке саяхаттаған туристер саны екі есе өскен

28.09.2021

Жыл соңына дейін Шымкенттен еліміздің тағы үш өңіріне әуе рейстері ашылады. Ал 2023 жылы мегаполистен барлық қалаларға ұшақпен қатынауға мүмкіндік туады. Бұл туралы «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесінде айтылды. Шараға еліміздің 8 өңірінен келген топ, қолөнершілер мен суретшілердің туындыларымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татты. Мұнан соң Сайрам тұрғын алабындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, Бәйдібек би ескерткіші, «Қазына» этно-кешені секілді нысандарды аралады. Көрме барысында 70-тен аса креативті жоба іріктелді. Жалпы биылғы 6 айда, пандемия басталғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда саяхаттау туризмі екі есеге артқан.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу