Қытайда пандемия кезінде курьер-роботтар көбейген. Олардың төрт дөңгелегі бар, алайда жүргізушіні қажет етпейді. Тағам салатын жәшігі бар машиналар саны алдағы уақытта тіпті артуы мүмкін. Өйткені, адамдар вирус жұқтырудан қауіптенетіндіктен, елде байланыссыз қызметтерге сұраныс өсіп отыр. Робот-машиналар асхана немесе дәмхана салып берген тағамды клиентке адаспай жеткізеді. Ал, 2013 жылдан бері Қытайда миллиондаған адам курьер болып жұмыс істейді. Олар тапсырысты тиісті жерге небары 0,47 центке апаруға дайын. Алайда, осының өзін қымбат көрген компаниялар дрондар мен робот-жәшіктердің көмегіне жиі жүгінетін болған