Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Ұлы ұлттық Жиналысының Спикерімен кездесті. Ол Мұстафа Шентопқа Түркістанда өтетін түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық жалпы отырысында/ нәтижелі келіссөздер жүргізуді тіледі. Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап/ қазақ-түрік ынтымағының дамуы үшін жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Қазір екі ел қарым-қатынасы серпінді дамып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
Нысаналы Ығыл