Германиядағы сайлауда социал-демократтар алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы сайлауда социал-демократтар алда келеді

27.09.2021

Германияда өткен парламенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша, азаматтардың көбі Социал-демократиялық партияға дауыс берген.

Бұл саяси бірлестік 25,7 пайыз дауыс жинап, Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық партиясын артта қалдырды. Біріншісіне Бундестагтан 206, ал екіншісіне 196 орын бұйырмақ.

Парламентке, сонымен бірге, "Жасылдар", "Еркін демократиялық партия", "Германия үшін альтернатива" және Солшыл партия өтті. Демек, Германияның келесі үкіметі коалициялық болмақ. Партиялар арасында айқын жеңіске жеткен нақты лидер болмағандықтан, мұндай кабинетті құру туралы келіссөздер ұзаққа созылуы мүмкін. Ал, Социал-демократтар төрағасы Олаф Шольц болса, "Жасылдармен", либералдармен одақтасуға дайын екенін мәлімдеп, христиан-демократтарды оппозицияға кетуге шақырды.

16 жыл канцлер болған Ангела Меркель жаңа үкімет құрылғаннан кейін саясаттан кететінін мәлімдеп отыр.


Хабарламаларға жазылу