«Қазақтелеком» «бұлтты бейне бақылау» жобасын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтелеком» «бұлтты бейне бақылау» жобасын таныстырды

21.08.2017

Енді қазақстандықтар еңбек демалысында алаңсыз үйлерін тастап кете алады. Себебі, «Қазақтелекомның» «Бұлтты бейне бақылау» атты жаңа жобасы бейнекамералар арқылы кез келген жерден үйіңізді бақылап отыруға мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы қосымшаны жүктеп, қызметке қосылсаңыз болды. Бейнежазбалар жүйеде 30 күнге дейін сақталады. Жобаның ерекшелігі - материалдардың бір орталықтанған жүйеде сақталуында. Келесі жылдың соңына дейін компания ел аумағында 60 мың камера орнатуды жоспарлауда.

 

Ғазиза МҰХАМЕДЖАН

Хабарламаларға жазылу