Депутат: Сот орындаушылар адамдарды қудалайды, кей кездері зорлық-зомбылық жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Сот орындаушылар адамдарды қудалайды, кей кездері зорлық-зомбылық жасайды

26.09.2021

Иә, бұл оқиғадан соң сот орындаушылар және банктерге байланысты қоғамның әбден жүйкесін тоздырған сұрақтар қайта қойыла бастады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров: Сот орындаушылар адамдарды қудалайды, адамдарға кей кездері зорлық-зомбылық жасайды, кей кездері бопсалайды, дейді. Банктердің озбырлығы мен ашкөздігіне байланысты да сорақы дүние көп. Заңдардың практикасы және бар. Қанат Әбілқайыр есімді жазушы: Сот орындаушылар көп жағдайда заңды білмейді, білсе де әдейі істейді. Көп балалы аналардың мемлекеттен алатын жәрдемақысының шотын ешқашан жаппау керек, ал бізде жабылады, неліктен? -дейді. Сот емес, нотариус арқылы шешім шығартып алу және бар. Сөз ешнәрсеге пысқырып қарамайтындар, «қорқау тірлікті» өмір сүру ережесі деп түсінетіндер жайлы. Әйтпесе, қарызын төлеуден қашатындар аз емес, тиісінше, жұмысын заң аясында атқаратын сот орындаушылар да бар.

Ал талқыланбайтыны – ешқандай ситуация адам өлтіруді ақтамайды. Бейнелеп айтқанда, «өтің жарылып кетсе де» қарастыратын вариант емес. Иә, қорғану үшін болуы мүмкін. Бірақ нақ Алматыдағы жағдайдың қорғануға мүлдем қатысы жоқ.

Сонымен бірге әлгі Дужнов есімді кісінің өмірде немен айналысқанына, ұстанымдарына байланысты көп дүние жазылып жатыр. Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдайды, жеке тұлғаларға да қомақты қарызы бар деген сияқты. Бұл ресми расталған мәліметтер емес, сондықтан отқа май құюдан аулақпыз. Мәселе, тып-тыныш күнде адамдардың оққа ұшып, қыршыннан қиылуы, отбасының аңырап қалуы сияқты оқиғалардың қайталанбауында...

Жалпы таразыға салсақ, барлық мәселе – несие саясатының әділетсіз және озбыр ережелермен бекітілгенінен шығады. Амангелді Сейітханның сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу