Ауғанстан халқын инфляцияның өсуі мен кедейшілік алаңдатып отыр. Жағдай қыс жақындаған сайын тіптен қиындай түскен. Тұрғындардың отын сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Көмірдің келісі 70 афгани тұрады. Ал, Ауғанстанда күні бойы жұмыс істеп табатын нәпақа небәрі 30 немесе 50 афгани. Бұған қоса, жұмыссыз жүргендердің саны артып барады. Тәліптер билікке келгелі ұн, отын мен күріш бағасы өсіп кеткен. Қуаңшылық әсерінен миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Банктер жабық, тұрғындарда қолма-қол ақша жоқ. Ал, Ауғанстанға тиесілі 9,5 млрд доллар АҚШ банктерінде бұғаттаулы. Оның үстіне Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк бұл елге көмек беруді тоқтатты.
Арай Төлегенқызы