ЕЭО аумағында «Ковидсіз саяхат» қосымшасы енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО аумағында «Ковидсіз саяхат» қосымшасы енгізілуі мүмкін

24.09.2021

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің аумағында «Ковидсіз саяхат» қосымшасы арқылы кіру тәртібі енгізілуі мүмкін. Бұл мәселе комиссия кеңесінде қаралмақ. Қосымшаны пайдаланушылар шекара асқан кезде ПТР тест нәтижесін ғана емес, вакциналау немесе ауырғаны я ауырмағаны жөнінде ақпаратты да ұсына алады. Бұл одақ аумағында азаматтардың көліктің кез келген түрімен емін-еркін жүруіне де мүмкіндік береді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу