Австралияда электромобильдерді 5G көмегімен аспанда жарыстыру көзделіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда электромобильдерді 5G көмегімен аспанда жарыстыру көзделіп отыр

24.09.2021

Австралиялық технологиялық компания 5G интернетінің көмегімен жарысқа арналған электромобильдерді ұшырмақ. Салмағы 130 келі тартатын спорттық машиналар елдің оңтүстігіндегі шөл далада сынақтан өтіп көрді.

Осындай он шақты көлік «Формула-1» үлгісінде жарыс өткізбек. Оларды көкке көтеру-қондыру операциялары соңғы толқын интернеттің жәрдемімен жерден жүзеге асырылады.

Ұшатын электромобильдер сағатына 150-250 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Бұл техниканың ішінде пилоттар үшін орын бар. Бірақ, әзірге мультикоптер жерде орналасқан кабинадағы роботтың күшімен басқарылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу