Құны 600 млн доллар болатын бірлескен жобалар іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құны 600 млн доллар болатын бірлескен жобалар іске асырылады

23.09.2021

Жаңартылатын энергеия көздеріне көшу және «Жасыл қалалар» жобасын іске асыру бойынша келісім жүргізілді. Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Үкімет басшысы бұған дейін қаржылық ұйым сомасы 10 млрд. доллардан асатын 300-ге жуық жобаны қаржыландырғанын айтты. Енді тараптар тағы 600 млн доллар болатын бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Атап айтқанда, инфрақұрылым, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және шағын-орта бизнес бағыттары қамтылған.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу