Трансұлттық қылмысқа қарсы күш біріктіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансұлттық қылмысқа қарсы күш біріктіру керек

23.09.2021

Құқық қорғау органдары трансұлттық киберқылмыс және адам саудасына қарсы күш біріктіруі керек. Терроризм, экстермизм мен есірткі трафигімен күрес басты мәселеге айналды. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мәлімдеді. Ол ТМД елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстандағы құқықтық реформалар жайлы айтып берді. Президент тапсырмасына сәйкес құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалау жүріп жатыр. Жиныда халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хван кеңес мүшелеріне ұсыныс білдірді. Келесі айда аталған ұйымның Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы өкілдігі ресми түрде іске кірісетінін жеткізіп, ТМД кеңістігіндегі прокурорларды бірлесе кеңес өткізуге шақырды.

Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Бас прокуроры:
Біз заман ағымынан қалыс қалмауымыз керек. Құқық қорғау саласына тың тәсілдер енгізіп, жұмысты иновациялық жүйеге бағыттағанымыз абзал. Осы ретте қылмыспен күрес бойынша өзекті мәселелер ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде жіті талқыланады деп сенемін. Сонымен бірге озық тәжірибелерімізбен бөлісудің де реті келіп тұр.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу