2022 жылы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2022 жылы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады

23.09.2021

2022 жылы Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай тиісті іс-шаралар жоспарын дайындау қажет. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтулы датаны лайықты атап өтудің маңыздылығына тоқталды. Басты мақсат – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бүгін мемлекеттік рәміздер мен наградалар геральдикасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Қырымбек Көшербаев жауапты органдарға ведомстволық наградаларды оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру мен жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалануды тапсырды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу