Алматыда адам саудасының алдын алу және онымен күрес жолдары талқыланды. Сондай-ақ осындай оқиғаның құрбаны болғандарға әлеуметтік қызмет көрсету туралы баяндаманың таныстырылымы өтті. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы Мемлекет басшысының оң бағасын алды. Оны орындау Үкімет пен уәкілетті органдарға жүктелген. Мақсат - Қазақстанда уақытша тұратын немесе жұмыс істейтін шетелдіктер адам саудасының құрбаны болған жағдайда оларға әлеуметтік қызмет алуға мүмкіндік беру.
Тастемір Әбішев ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:Бұл қылмысты жасайтын адамдар өздерінің қылмыстарын жасыруға тырысып бағады. Бірақ осы қылмысты тексеруді, зерделеуді жасау үшін құқық қорғау органдары мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдармен, дағдарыс орталықтарымен олардың мамандарын тарта отырып бірлесіп жұмыс істесе ғана үлкен нәтиже беретін болады.
Қуан Нұрақын