Екібастұзда заңды тұлғаларға жылу тарифі 35 пайызға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда заңды тұлғаларға жылу тарифі 35 пайызға арзандады

23.09.2021

Екібастұзда заңды тұлғалар үшін жылу тарифі бірден 35 пайызға арзандайтын болды. Монополияларды реттеу департаменті осындай шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жаңалықтарымызда кеншілер шаһарындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің жылудың тарифіне наразылығы жайлы айтқан болатынбыз. Нақтырақ айтқанда, осы жылдың шілде айынан бастап 1 гигакалорий жылуға 14462 теңге 96 тиын төлемақы белгіленген. Бұл еліміз бойынша ең қымбат тариф болып шықты. Оның үстіне монополист компания инвестициялық міндеттемелерін орындамаған. Жылу өндіруді дамытуға жоспарланған 192 млн 949 мың теңгенің бағдарламасын жүзеге асырмаған. Соның есебінен алдағы 1 жылдың тарифі арзандады.

Ибрагим Тангиев, Монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
Бұған дейін Екібастұз қаласында заңды тұлғалар 1 гигакалорий жылуға 14462 теңге төлесе, енді 9400 теңге болады. Бұл қосымша құн салығымен есептегендегі баға. Яғни, жылудың түбіртектерінде нақты осылай жазылады. Қолға алынған шаралардың арқасында жылу бағасы 5мың 62 теңгеге арзандады.


Хабарламаларға жазылу