Президент Қалжыр өзенін ластағандарды жауапқа тартуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қалжыр өзенін ластағандарды жауапқа тартуды тапсырды

23.09.2021

Шығыс Қазақстандағы Қалжыр өзенінің ластануына байланысты Президент Экология министрлігі мен облыс әкімдігіне проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Осыдан екі апта бұрын Ұлттық арна эфирінде Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілердің ластап жатқаны айтылды. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан судың түсі өзгергенін көруге болады. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, өзен Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасын да ластайды. Мәселе былтырдан бері көтеріліп келеді. Облыстық экология департаменті мамандары барып, заңсыз алтын өндірушілерді анықтаған. Кінәлілерге айыппұл салынып, жағалауды тамыз айына дейін қалпына келтіру жөнінде шешім шығарылды. Арнайы комиссия нысанды тексеруге барып, жауаптылар арнайы брифинг өткізеді деп жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу