Ақмола облысына Ауғанстаннан 4 отбасы көшіп келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысына Ауғанстаннан 4 отбасы көшіп келді

22.09.2021

Ауғанстаннан елге көшіп қоныс аударған 4 отбасы Ақмола облысына келді. Барлығы 35 адам. Біреуі Көкшетауда, қалғандары Атбасар, Бурабай, және Сандықтау аудандарына орналасты. Қандастар жұмыспен қамтылмақ. Ал балалар мектептерге, бала-бақшаларға орналастырылады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік қаржылай көмек көрсетіледі. 1 жылға дейін баспана жалдауларына, коммуналдық төлем үшін де ақшалай көмек беріледі. Шерәлі Өзбәкидің отбасына Көкшетаудағы «Асыл Арман» компаниясы тұрғылықты орын ұсынды. Алдағы уақытта қап шығаратын зауытқа жұмысқа алмақ. Ол 7 баласымен қоныс аударған.

Шерәлі Өзбәки, қоныс аударушы:
Әкелеріміз айтушы еді, біз қазақпыз, жат елде тұрғаннан гөрі, жолын тауып елге оралыңдар деп отыратын. Иранда, Ауғанстанда тұрғанымызды қалаған жоқ. Міне, бұйырып ата мекенге оралдық. Қуанышымыз шексіз.


Хабарламаларға жазылу