Азаматтық қоғам мен медиа саланы дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық қоғам мен медиа саланы дамыту мәселелері талқыланды

21.09.2021

Қоғамдық-саяси саладағы оң өзгерістерге Президент Жолдауындағы басым бағыттар тың серпін берді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғарғы палата жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысында осылай деді. Басқосуға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен сарапшылар қатысты. Алтыншы рет ұйымдастырылған шарада азаматтық қоғамның даму үрдісі мен медиа саланың болашағы талқыланды. Отырыста қоғамдық жоба ретінде Талдау мектебін құру ұсынылды. Мәулен Әшімбаев мұндай мектепте тыңдаушылар мемлекеттік басқаруда, халықаралық қатынастар мен дипломатияда қолданылатын сараптамалық әдістерді меңгеруге мүмкіндік алатынын атап өтті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу