Қазақстанның телефон коды ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның телефон коды ауысады

21.09.2021

Елде телефон коды ауысады. БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан жазуы шығады. Бір ғана мемлекетке тиесілі халықаралық кодты алу үшін министрлік былтырдан бері жан-жақты жұмыс жүргізген. Жоспар бойынша еліміз жаңа кодқа 2023 жылдан бастап көшеді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу