Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратынан өрт шықты

21.09.2021

Бас қалада да оқыс оқиға. «Қазақмыс» өртеніп жатыр. Елорданың орталығындағы «Қазақмыс» сақтандыру компаниясының кеңсесі жалынға оранды. Бір сағат бұрын осындай хабар тарады. Ал, қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес Тұран даңғылында болған оқиғаға жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы тартылған. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры мен сыртқы қаптамасы жанған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 60 шаршы метрге жеткен. Бірақ, тілсіз жау толықтай сөндірілді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу