Серік Жұманғарин азық-түлік пен жанармай бағасына қатысты есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Жұманғарин азық-түлік пен жанармай бағасына қатысты есеп берді

21.09.2021

Ірі құрылыс компаниялары бастапқы тұрғын үй бағасын 7-ден 20 пайыз аралығында төмендетті. Құрылыс материалдары 3,2 пайызға дейін, ал, бензин бағасы 0,2 пайызға дейін арзандаған. Қазір осы шегінде тұр. Бұл аталған салалар бойынша монополияға қарсы қабылданған шаралардың нәтижесі. Президент қабылдауында болған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин осылай деді. Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу