Украина армиясы АҚШ-пен, НАТО-мен бірлесіп ауқымды әскери жаттығуды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина армиясы АҚШ-пен, НАТО-мен бірлесіп ауқымды әскери жаттығуды бастады

21.09.2021

Украина армиясы АҚШ-пен, НАТО-мен бірлесіп ауқымды әскери жаттығуды бастады. Бұл маневрлар Ресей мен Беларусь соғыс ойындарын өткізіп, Батысты айтарлықтай алаңдатқан шақта ұйымдастырылып отыр.

Қазанның 1-не дейін жалғасатын шараға 6 мыңдай жауынгер мен офицер қатысады. Олардың екі мыңы – Украина қарулы күштерінен.

12 елдің әскері тартылған жаттығуларға Вашингтон Ұлттық Гвардиясының Украинада сәуірде шоғырланған бригадасы да қатысып жатыр.

Жергілікті генерал Владислав Клочковтың мәлімдеуінше, оның елі жалғыз емес, себебі Украинаны қорғауға көмектесетін достар мен одақтастар бар.

Айта кетсек, жақында Мәскеу мен Минск Еуропа одағы шекарасының қасында өткізген әскери жаттығуларда 200 мыңдай сарбаз ұрысқа машықтанды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу