ШҚО-да «Борышкер» шарасы аясында үш күнде 29 млн теңге өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Борышкер» шарасы аясында үш күнде 29 млн теңге өндірілді

21.09.2021

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы нәтижесінде үш күнде 29 миллион теңге өндірілді. Бұл – әкімшілік айыппұлын төлемей жүрген азаматтардың берешегі. Олардың көбі- жол-көлік ережелерін бұзғандар мен алимент төлеуден жалтарып жүргендер. Борышкерлердің 110 автокөлігі қарызы өтелгенше арнайы автотұраққа қойылды. Облыстық әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, қазынаға қайтарылған сомадан бөлек 19 миллион 808 мың теңге айыппұлды өндіру бойынша 1500 қаулы шығарылған.  

Хабарламаларға жазылу