Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне біздің елден 20-ға жуық делегация қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне біздің елден 20-ға жуық делегация қатысады

20.09.2021

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезі хатшылығының отырысына біздің елден 20-ға жуық делегация қатысады. Қазанда өтетін отырысқа Парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етеді. Онда 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне дайындық барысы мен пандемиядан кейінгі даму жағдайы сөз болады. Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалін беру қарастырылады. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегірөлі туралы арнайы құжат жобасы талқыланбақ. 14-ші хатшылық құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енген. .

Болат Сәрсембаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы:
 7-ші әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезіне 200-ге жуық делегация қатысады деп жоспарланып отыр. Айтулы шараға дүниенің төрт бұрышынан ықпалы зор дін басылары қатысады. Ол адамдар өз еліндегі саясатқа, іргелі істерге әсер етіп қана қоймай, қарапайым адамдарға да ой салады. Мұндай жиынды әлемді Қазақстан бірінші болып қолға алды. Жауапты іске дайындық қазірден басталды.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
 Тек қана саясаткерлер ғана емес БАҚ, халықтың өзі өте белсенді араласуы керек. Неге? Теологиялық мәселелер саясаттандырылады. Бұл өте қауіпті.


Хабарламаларға жазылу