Жақында елордада жылу беру маусымы басталады. Температура бес күн бойы 10 градусқа төмендесе, жылуэлектростанциялар жұмысын бастайды. Сонымен бірге биыл орталық газдандыруға қосылған жеке үйлер 5 мыңнан 14 мыңға дейін артады. Тариф биыл өзгерді. 1 гигакалорияның орташа бағасы 3600 теңге. Жылу ел бойынша Алматы, Шымкент, Атырауда қымбат. Мұнда бағасы 4 мың теңгеден асады. Ел бойынша Ақмола облысында арзан – тұрғындар гигакалория үшін 1600 теңге төлейді.
Ақерке Бектас