Пермь қаласындағы ниверситетте оқ атылып, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пермь қаласындағы ниверситетте оқ атылып, 6 адам қаза тапты

20.09.2021

Ресейдің Пермь қаласындағы мемлекеттік зерттеу университетінде таңертең болған атыстан 6 адам қаза тапты.

Бұған дейін 8 адам оққа ұшқаны хабарланған еді. Кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды. Атыс кезінде жараланған 24 адамға ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен бірге, 18 жастағы шабуылшы Тимур Бекмансуров оны ұстау операциясы кезінде қаза тапты деген ақпарат та расталмады. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, ол оқ тиіп, қазір ауруханада жатыр.

Қантөгістен кейін екі немесе одан да көп адам өлімі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған органның тағы бір дерегінше, шабуылшы мамыр айында қару ұстауға заңды түрде рұқсат алған. Бұған қоса, студент өзінде қару барын ешқашан жасырмай, ашық айтып жүріпті. Ол қылмысқа діни немесе саяси себептермен бармаған. Әлеуметтік желідегі жазбасында шабуылшы жеккөрушілікке бой алдырғанын және басқаларға зиян келтіргісі келетінін айтқан. Ал, бүгін ол университет корпусына аңшы мылтығымен еш кедергісіз кіріп, бірінші қабатта жүрген жастарға оқ жаудырды.

Семён Карякин, студент:
Біз бір сағат бойы дәрісханада отырдық. Онда шамамен 60 адам болды. Есікті ішінен жауып алып, оны орындықтармен, үстелдермен тіреп қойдық.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу