Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орман өртеніп жатыр. Ұлттық табиғи парк аумағына найзағай түсіп, арты қызыл жалынға ұласқан. Таулы аймаққа техникамен жету қиын, сондықтан оқиға орнына өрт сөндірушілер жаяулап жеткенше от орман ішіне жайылып үлгерген. Үш күнде 3,5 гектар аумақ жанып кетті. Қазір қызыл жалынның беті қайтқанымен толық сөнген жоқ. Әзірге мамандар түкұшақтың көмегіне жүгінбеді.
Серік Амангелдин, ШҚО ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
Ол жерде 11 техника, 74 адам жұмыс істеп жатыр. Ашық өрттің көздері жоқ.