Бүгін «General Electric» компаниясы ұйымдастырған конференцияда еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Қуат көзін өндіріп, экспорттаушы ел үшін энергияны сақтау - маңызды шаруа. Сондықтан, үнемдеуді ең алдымен осы саланы трансформациялаудан бастауды ұсынды.
Бұл орайда, осыдан екі күн бұрын Мемлекет басшысы қол қойған энергетика туралы жаңа заң кеңінен талқыға түсті. Мәселен, бұған дейін баламалы энергияның құны тікелей Үкімет мүшелерінің шешімімен бағаланған. Ендігәрі бұл үрдіс аукцион арқылы шешілмек.
Ғабит БӨКЕНБАЙ