Болашақта елімізде неміс автокөліктері құрастырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақта елімізде неміс автокөліктері құрастырылуы мүмкін

11.07.2017

Бүгін Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 10-шы отырысында осындай бастамаға мүмкіндік беретін арнайы келісімге қол қойылды. Қазақстан Машина жасаушылар одағы басшылығының айтуынша, Германиямен бұл салада 7 жылдан бері байланыс орнатып келеді.

Ал, бүгінгі келісім аясында екі ел кәсіпкерлері біріккен кәсіпорындар құруды, жаңа технологиялармен бөлісуді қолға алмақ. Жиын барысында бұдан өзге 20-дан астам келісімшартқа қол қойылды. Жалпы құны 1 млн. еуроға жуықтайтын бұл жобалар екі елдің әлеуетін арттыруды көздейді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу