Ақмола облысында бірқатар карантиндік шектеу шаралары алынып тасталды. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сай, жұма намазын көпшілікпен оқуға рұқсат берілді. Тек санитарлық талап сақталуы шарт. Намаз кезінде мешіттің сыртында адамдардың жалпы саны 30-дан аспауға тиіс. Ресми жиналыстарды өткізуге де рұқсат етілді. Сондай-ақ, Көкшетауда жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды.
Ал Шымкент қаласы бүгін «қызыл» аймақтан шықты.
Ермек Елберген