Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушіге мемлекеттік награда табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушіге мемлекеттік награда табысталды

17.09.2021

Байзақтағы жарылыс кезінде қаза тапқан Жәнібек Тұрмановтың анасы мен әйеліне ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. Марқұм Тараз қаласындағы №1 мамандандырылған бөлімде өрт сөндіруші-құтқарушы болып жұмыс істеген. Оның артында ұлы мен қызы қалды. Еліміздің төтенше жағдайлар министрі және қала әкімінің қатысуымен өткен жиында апаттан қаза тапқан азаматтарды әріптестері бір минут үнсіздікпен еске алды.

Министр марқұмның отбасына көңіл айту сөзінде Жәнібек Тұрмановтың апатқа қарсы табандылықпен күрескенін және оның жанқиярлық ісі кейінгі буынға үлгі болатынын жеткізді. Сондай-ақ жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына мемлекет тарапынан ұдайы қамқорлық жасалатынын айтты. Егер балалары Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге ниет білдірсе, көмек көрсетіледі. 

Айзада Биназарова, Жәнібек Тұрмановтың анасы:
Бәрі жақсы болатын шғар. Ауруханада жатқан балалар үйіне аман оралсын.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу