Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

16.09.2021

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын ақпараттандыруда ғылыми негізділік пен тарихи шындыққа басымдық беру қажет. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев аталған комиссия отырысында осылай деді. Басқосуда архивтерден табылған ғылыми-зерттеу еңбектерді жаһандық цифрлық кітапханаға енгізу жұмыстары пысықталды. Көркем-публицистикалық шығармаларды ынталандыру бойынша жобалар талқыланды. Отырыс аясында Үкімет пен өңір әкімдеріне зерттеу материалдарына қатысты баспа қызметін ширату бойынша тапсырмалар берілді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу