Қазақстанда ломбардтар жарты жылда 19 млрд теңге табыс тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ломбардтар жарты жылда 19 млрд теңге табыс тапты

16.09.2021

Қазақстанда ломбардтар жарты жылда 19 млрд теңге табыс тапты. Ұлттық банк мәліметінше, олардың биыл алты айдағы кірісі 68 млрд теңгеге жеткен. Ал микроқаржылық ұйымдардың табысы 141 млрд теңгеден асқан. Шығыны 92 млрд теңгеден көп. Айта кетейік енді Ұлттық банк елдегі кредиттік ұйымдар мен ломбардтардың кірісі мен шығысын жариялайды. Биыл елде ломбардтар жаңа ережемен жұмыс істеуді бастағанын еске салайық. Қазір лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1044 ұйым тіркелген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу