Елордада жаппай төбелес болып, екі адам пышақ жарақатын алды. Жанжал жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің арасында болған. 29 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Алматы облысында да осыған ұқсас жағдай орын алды. Әлеуметтік желіде тез тараған видеода жастардың жол үстінде бір-бірімен жаға жыртысып, тас лақтырғаны анық байқалады. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша оқиға Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында болған. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіп бұзғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ернар Сайделдин, Облыстық ПД ресми өкілі:Қаскелең қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен төбелеске қатысқан 25 жастағы азамат түсті. Қалған жанжал қатысушылары полиция басқармасына жеткізілді. ҚР қылмыстық кодекстің 293 бабы, 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.