Биылғы жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақтың басты бағдары білім мен ғылым саласы екенін баса айтқан. Осы тұста пандемияның жалғасуына байланысты азаматтардың шетелде білім алуында ешқандай қиындық болмау керектігі, сондай-ақ цифрландыру саласында мықты мамандарды дайындау тапсырылған. Ал білім саласындағы аталған жаңа міндеттерді іске асыруда «Болашақ» бағдарламасы өз мүмкіндіктерін барынша сарп етуге әзір.
Айнұр Кәрібозова, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті:
Бұл Жолдауда бірнеше маңызды бағыттар бар. Соны таратып айтатын болсақ, Мемлекет басшысы сызып айтқан 100 ІТ – мамандарын даярлау негізгі күн тәртібінде тұрған мәселе. Бұл тапсырмалар Болашақ бағдарламасы негізінде негізгі қарастыралады деген сөз.