Еуразиялық медиа форум: Түркі тілдес елдер арасында ортақ ақпараттық сервис құру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық медиа форум: Түркі тілдес елдер арасында ортақ ақпараттық сервис құру қажет

15.09.2021

Түркі тілдес елдер арасында ортақ ақпараттық сервис құру қажет. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан XVII Еуразиялық медиа форумда айтылды. Шара аясында Түркі тілдес елдердің медиа менджерлері бас қосып, ақапарат саласындағы соңғы трендтерді талқылап, өзара пікір алмасты. Жиыннан толығырақ тілшіміз тарқатады.

Елордаға 25 елдің медиа саладасындағы кіл мықтылары жиналды. Форумда коронавирус кесірі, сөз бостандығы, Ауғанстандағы жағдай, оның Орталық Азияға әсеріне дейін сөз болды. Осы орайда Түркі тілдес елдерінің медиа менеджерлері ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл тек саяси емес, мәдени құндылықтарды сақтап қалу үшін қажет. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы ортақ ақпараттық платформа құрудың қажеттілігіне тоқталды.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК»АҚ басқарма төрайымы:
Біз ортақ сериалдардың онлайн платформасын немесе ортақ ақпараттық сервис құруды ұсынамыз. Яғни ол жерге кез-келген телеарна өзінің дайындап жатқан жаңа өнімін таныстыру үшін анонстарын, трейлерлерін бүкіл ақпаратты жүктей алады. Ал қызығушылық танытқан мемлекеттңң телеарнасы оны тегін алуға мүмкіндік жасауымыз керек.
Келелі ұсыныс бірден қолдау тапты. Ортақ платформа құру үшін елдерімізде техникалық мүмкіндіктер де жеткілікті десті жиналғандар.
Тофик Аббасов, саясаткер, саяси шолушы, Әзірбайжан:
Біз ынтымақтастықта өмір сүруге мәжүбір халықтармыз. ортақ ақпараттық дәліз құрмасқа болмайды. Өйткені ақпараттандырылмаған халық, соқыр халық. Ортақ сервис құру үшін көп уақыттың қажеті де жоқ. техникалық мүмкіндіктеріміз жеткілікті.
Жанатхон Курбанова, «Авеста» Ақпарат агенттігінің бас редакторы, Тәжікстан:
Шынымен қызықты, заманға сай ұсыныс. БАҚ өкілдері оны қос қолдап қоштайды. 
Жиынға қатысушылар бүгінгідей ақпарат ағынында жалған жаңалық жетегінде кетпеудің жолдарына да тоқталды.
Физули Маджидли Зульфу, Оглы халықаралық түрік академиясының вице-президенті, Әзербайжан:
Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс жалған ақпараттың зардабын көрсетті. Бұл жерде медианың жанжалды өршіткенін бәрін білеміз. Сондықтан ақпарат татратуда аса мұқият болғанымыз абзал. Сол үшін де осындай жиындардың маңыздылығын атап өткім келеді.
Аталмыш форум үш күнге созылады. Оның аясында шеберлік кластары мен дөңгелек үстел және түрлі пікір таластар өтеді деп күтілуде. Ал, ертең Euronews, Bloomberg, қызметкерлері және арнайы қонақтар Тимур Бекмамбетов, Джарон Ланье, Ксения Собчак сөз сөйлейді деп күтілуде.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу