Еліміз бойынша жарты айда 3 млн 24 мың адам онлайн санақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша жарты айда 3 млн 24 мың адам онлайн санақтан өтті

15.09.2021

Еліміз бойынша жарты айда 3 млн 24 мың адам онлайн санақтан өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Сауалнама кезінде азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы автоматты түрде толтырылады. Ақпараттар мемлекеттік деректер қорынан алынады. Автоматты жүйеде бірқатар қателіктер де орын алған. Мысалы, 4 ер адам базада «әйел» деп көрсетілсе, 3 әйел «ер адам» ретінде жазылған. Бұл азаматтарға мәртебесін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну ұсынылды, - дейді бюро басшысы. Айта кетейік, онлайын санақ 15-қазанға дейін жалғасады. Ал дәстүрлі үй-үйді аралау 1-30 қазанда жүреді.

Нұрболат Айдапкелов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Барлық ақпарат байланыс арналары арқылы бюроның орталық серверіне беріледі. Барлық деректерге криптогрфиялық қорғау құралдары пайдаланылады. Бюроның ақпараттық жүйесі ақпараттық коммуникациялар инфрақұрылымының аса маңызды объектілер тізіміне енгізілген.


Хабарламаларға жазылу