«Талибан» лидерлері арасында үкімет құру мәселесінде дау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» лидерлері арасында үкімет құру мәселесінде дау шықты

15.09.2021

«Әл-Каида» қарулы тобы Ауғанстанға орала бастады . Америкалық барлаушылар осылай деп мәлімдеп отыр. АҚШ Орталық барлау басқармасы радикалдардың Ауғанстанға барып жатқанын көрсететін деректерге қол жеткізген. Ал, Пентагон терроризмге қарсы күрес қауымдастығымен бірлесе бұл мәселені жіті бақылауға алғанын мәлімдеді.

Тағы бір ақпаратқа сүйенсек, Ауғанстандағы «Талибан» лидерлері арасында үкімет құру мәселесінде үлкен дау шықты. Мұны осы қозғалыстың өкілдері «Би-би-си» телерадиокорпорациясына берген сұқбатында растады. Олардың сөзінше вице-премьер Молла Абдул Ғани Барадар мен Босқындар ісі жөніндегі министр Халил әр-Рахман Хаккани президент сарайында бір-біріне дөрекі сөздер айтып жатқанда, олардың жақтастары қақтығысқан. Тіпті Барадар қайтыс болды деген қауесет тарады. Алайда, вице-премьер аудиожазба жариялап, онда өзінің іссапарда жүргенін айтқан. «Талибанның» дерегінше, Барадар шаршағандықтан тынығу үшін Қандағарға кетті.


Хабарламаларға жазылу