Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған «Жанұя» кешенінде тәрбиеленушілер арасында жанжал шықты. Қыздар төбелесіп, бірін-бірі аяусыз ұрған видео тарады. Бүгінде кешенде 500-ден астам бала бар. Сондай-ақ 250 қызметкер жұмыс істейді. Қазір құзырлы органдар тергеуді бастап кетті. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, орталыққа жаңа басшылық келгелі 50-ге жуық адам жұмыстан шығарылған. Тәрбиеленуші балалар арасында боқтық сөз айту, ұрлық жасау, бір-біріне зорлық-зомбылық көрсету, тіпті, өз-өзіне қол салу фактілері көбейген.
Марина Дәулетбекова, «Жанұя» мамандандырылған кешені директорының міндетін атқарушы:
Бүгін таңертеңнен бастап тәрбиешілер мен видеода болған балаларды жинап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірістім. Сұмдық жағдайды көріп, шошып кеттім. Видеоның өзін мен түнде көрдім. Айтуларынша, 3 тамызда болған екен. Бірақ қазір құзырлы органдар мекеме қызметкерлерінен, балалардан оқиға жайында сұрап, тергеп жатыр.