Петропавлда 12 жасар велосипедші қызды әкесінің көз алдында «КамАЗ» қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында жан тәсілім етті. Оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында қала іргесіндегі Бескөл кенті маңында болған. Әуежай жақтан шыққан велоспорт мектебінің тәрбиеленушілері үйреншікті бағытпен келе жатқан. Оларды бастаған жаттықтырушылары «Газель» көлігімен алда жүрген. Жасөспірімнің қалайша қатарлас жолдағы жүк көлігінің астына түсіп кеткені белгісіз. Ал жол бастап келе жатқан жаттықтырушы қайтыс болған қыздың әкесі екен.