Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысына заңгерлер тартылып жатыр. Олар қамалған, атылған адамдардың айыптарына қатысты құқықтық баға береді. Өйткені, Голощекиннің озбырлық жоспары кезең-кезеңмен жүргізілді. Әуелі ірі байлар кәмпескеленді. Әлбетте оған ауқаттылар қарсы шығып, малы мен мұрасын сақтағысы келді. Ондайда табан асты қылмыстық баптар ойлап тауып, жазаға кесіп отырған. Енді, сол кулактар, байлар, жартылай феодалдар мен шаруаларды ақтап алу үшін өңірлік комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Жалпы репрессия құрбандарын ақтау мақсатында 10 топ құрылды. Бүгінде іс жүргізудің 2 әдіснамасы әзірленді. Архивтерге де кедергісіз кіруге мүмкіндік жасалуда. Осылайша, аштықтан, қудалау мен қанаудан жапа шеккендерге жеке-жеке тоқталу көзделіп отыр.
Сабыр Қасымов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:Оның ішінде кәмпескелеген, тәркілеген. Сосын әлгі көтерілістер, наразылықтар. Сотсыз, тергеусіз асып тастаған. Біз әлгі орысша айтқанда процессуальный документ жасағандарды ақтаймыз да ұрыстың кезінде, шайқастың кезінде атылып қалған, қудалап үйіне барып тауып алып атқан оларды адам демейміз. Соның бәрін зерттеп жатырмыз.
Нысаналы Ығыл