Ауғанстанда өткен аптада ғана вице-премьерлікке тағайындалған Молла Әбдул Ғани Барадар қаза тапты деген қауесет тарап отыр Алайда, «Талибан» қозғалысы мұны жоққа шығарып, бірнеше күннен бері көрінбеген үкімет басшысы орынбасарының тірі жүргенін растайтын аудиожазба барын хабарлады. Және де тәліптер Барадардың Қандағарда жиын өткізгенін де мәлімдеп отыр.
Өзге бір деректерге қарағанда, вице-премьердің жақтастары ішкі істер министрі қызметіне тағайындалған Сираджуддин Хаккани жасақтарымен қақтығысқан. Сонымен қатар, тәліптер билікке келгелі бір айға жақындаса да, олардың ең жоғары лидері Хайбатулла Ахунзада да әлі көзге түскен жоқ.
Арыстан Рысбек