«Запад-2021» әскери жаттығуы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Запад-2021» әскери жаттығуы жалғасып жатыр

14.09.2021

Ресей мен Беларусь «Запад-2021» атты әскери жаттығуды жалғастырып жатыр. Ол екі елдің бірнеше полигонында өткен аптада басталды. Алдағы бейсенбіде аяқталатын соғыс ойындарын президент Владимир Путин тамашалады.

Маневрларға армияның 200 мыңдай персоналы, 80 ұшақ пен тікұшақ 300-ге жуық танкі тартылып отыр. Кремль басшысы мәлімдегендей, бұл жаттығулар қандайда бір мемлекеттерге қарсы бағытталмаса да, Ресей шекарасы маңында белсенділігін күшейткен НАТО-ға жауап ретінде ұйымдастырылып отыр.

Алайда, Солтүстікатлантикалық альянс пен Балтық елдері және Украина Мәскеудің бұл әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, мұндай шаралар аймақты абайсызда дағдарысқа ұрындыруы мүмкін екенін ескертті. Және де НАТО да Латвияда «Күміс жебе» атты әскери жаттығуға кірісті. Оны көру үшін Рига маңындағы Адази базасына Литва, Эстония, Польша қорғаныс министрлері барды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу