Алматы халықаралық әуежайында екпе пункті ашылды. Енді Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер сапар алдында екпе салдыруына болады. Жолаушыларды №32 емхананың дәрігерлері тексеріп, вакцинадан соң жарты сағат бақылайды. Бұл мақсатта әуежай арнайы бөлме мен тоңазытқыштар бөлген. Ол жерде "Синофарм" компаниясының "Vero Cell" және отандық "QazVac" вакцинасы сақталады. Қазір Алматыда әуежайдан бөлек мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен сауда орталықтарында 160 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр.
Сағадат Нұриманов, Алматы Халықаралық әуежайының медицина қызметінің басшысы:
Емхананың дәрігерлері вакцинаны жасайды. Вакцинаны барлық адамдар ала алады осы жерде. Келіп-кетушілер, күтіп алушылар, авиа жолаушылар. Вакцинация тегін. Бір ампулада 2-ақ доза. Екі кісі келіп алады. Жолаушылар жолдан қалмауы керек.
Қуаныш Қанатұлы