Өскеменде екі қабатты үйдің төбесі жөндеуден кейін құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде екі қабатты үйдің төбесі жөндеуден кейін құлап кетті

13.09.2021

Өскеменде мермодернизациялаудан өткен екі қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті. Баспананың төбесі құлаған сәтте үйде тұрғындар болған. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Екі қабатты үйде 16 пәтер бар. Төтенше жағдай салдарынан бір отбасының баспанасы тұруға жарамсыз болып қалды. Тұрғындардың айтуынша,олар бірнеше жылдан бері уәкілетті органдарға хабарласып, апаттың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдауды өтінген. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеме өкілдері меншік иелерінің өздері жауапты екенін алға тартады.

Александр Ясинский, «ШҚО Тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС өкілі:
Баспана иелері әр он жыл сайын тұрғын үйге толық жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Алайда бұл шаралар жүзеге асырылмаған. Үйдің төбесі жабылған материал ағаш болғандықтан, ол тез тозғыш әрі ұзақ мерзімді қызмет етуге жарамайды. Сондықтан, осындай келеңсіз жайт орын алды. Ендігі кезекте сараптама нәтижесін күтіп, сотқа жүгінуге тура келеді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу