Facebook өз қолданушыларын аңдуға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook өз қолданушыларын аңдуға тыйым салды

14.03.2017
Facebook өз қолданушыларын аңдуға тыйым салды

«Facebook» әлеуметтік желісіндегі ауқымды мәліметті адамдарды бақылау үшін пайдалануға  тыйым салынды. Мұндай мақсаттағы бағдарламалар дайындауға жол берілмейді. Мұны компания жетекшілігі мәлімдеді.

 

Осылайша, америкалық полиция шерушілерді әлеуметтік желі  арқылы аңду мүмкіндігінен айырылмақ. Былтыр Фейсбук, Инстаграм, Твиттер желілері Фергюсондағы тәртіпсіздіктер кезінде полициямен ынтымақтасты деп айыпталған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу