Үкімет басшысы германиялық бизнес өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы германиялық бизнес өкілдерімен кездесті

13.09.2021

Қазақстан мен Германияның бірлесіп жүзеге асыратын жобалары осы делегацияның Үкімет басшысы Асқар Мамин кездесуі кезінде де талқыланды. Тараптар жаңартылатын энергетика, газ өңдеу, агро-өнеркәсіп, машина жасау, тау-кен металлургия өнеркәсібі және тағы да басқа салалардағы екеуара жобаларды іске асырудың перспективаларын талқылады. Германия Қазақстанның ірі сауда серіктесі. 2005 жылдан бастап немістердің Қазақстанға құйған инвестициясы шамамен 5,1 млрд доллар. Мұнымен тоқтамай бірлескен жобаларды бұрынғыдан да арттыру керек деді Асқар Мамин.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу