Мемлекет басшысы Svevind Group компаниясының президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Svevind Group компаниясының президентін қабылдады

13.09.2021

Елімізде жел генераторлары мен күн энергиясын өндіретін панельдерді шығарудың мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Svevind Group компаниясының президенті Вольфганг Кроп жасыл энергетика саласындағы инвестициялық жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында жел және күн электр станцияларының құрылысына қатысты жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға және ел экономикасындағы көміртегіне тәуелділікті төмендетуге басымдық беретінін айтты. Президент компанияның ұсынған инвестициялық ұсыныстарын оң бағалап, Вольфганг Кроппқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.


Хабарламаларға жазылу