Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады. Кездесуде газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Мемлекет басшысы аталған компанияның Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. 2020 жылы Linde Group Теміртау қаласында оттегі, азот және аргон өндіру жөніндегі ТМД бойынша аса ірі жобаның екінші кезеңін іске асырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Linde Group компаниясын еліміздің өзге де жобаларды жүзеге асыруда серіктестік орнатуға шақырып, мемлекет тарапынан шетелдік серіктестерге қолдау көрсетілетінін айтты.
Раушан Сайлау