Қарашада аяқ киімді таңбалау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашада аяқ киімді таңбалау басталады

13.09.2021

Аяқ киімді таңбалауға арналған бақылау белгісінің шекті құны бекіді. Үкіметтің қаулысыны сәйкес, таңбалауға арналған бір белгі салық құнын қоспағанда 2 теңге 68 тиынға теңесті. 1 қарашадан бастап аяқ киімдерге міндетті таңбалау қою басталатынын еске саламыз. Бұған дейін елде темекі өнімдері мен тері бұйымдарына цифрлық таңбалау енгізілген. Сонымен бірге дәрі-дәрмекке де бақылау белгісі қойылған. Қазір алкогольді сусындар мен жеңіл өнеркәсіп тауардарына да пилоттық режимде сандық таңбалау енгізу жоспарлануда.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу